jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Жарақатына байланысты жекпе-жек өткізбеген Иван Дычко WBA рейтингінен шығып қалды

    Қазақстандық боксшы Иван Дычко
    Қазақстандық боксшы Иван Дычко. Фото: instagram.com/proboxtvofficial

    Қазақстандық боксшы Иван Дычко Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) рейтингінен шығып қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Осыған дейін ауыр салмақ дәрежесіндегі WBA рейтингінде 14-орында тұрған Иван Дычко жаңартылған рейтингте тізімге енбеді.

    Айта кетейік, 27 желтоқсанда Алматыда өткен All Stars Boxing кешінде Иван Дычко ресейлік Виталий Кудуховпен жұдырықтасуы керек еді. Бірақ Иван Дычко спарринг барысында иығынан жарақат алып қалуына байланысты жекпе-жек кейінге шегерілді.

    Иван Дычко соңғы рет кәсіпқой рингке 21 тамызда АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Сити қаласында шыққан болатын. Бұл кездесуде қазақстандық боксшы америкалық Крейг Льюисті екінші раундта нокаутпен жеңді.

    Жарақатына байланысты жекпе-жек өткізбеген Иван Дычко WBA рейтингінен шығып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.