Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

"Бірнеше боксшы бас тартты": Данияр Елеусінов қарсылас таппай жүргенін айтты

Жарияланған күні:

Боксшы Данияр Елеусінов
Боксшы Данияр Елеусінов. Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов 28 ақпанда Астанада өтетін жекпе-жегіне әлі қарсылас табылмағанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sportnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қарсыласым әзірге белгісіз. Бірнеше боксшы бас тартты. Мүмкін олар жекпе-жек үшін Қазақстанға келгісі келмейтін шығар. Негізінде, бұл жекпе-жек тартысқа толы және халық үшін қызық болар еді, бірақ олар бас тартты. Енді кім келісетінін күтеміз. Биыл үш жекпе-жек өткізгім келеді", - деді Елеусінов.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов соңғы рет рингке 2024 жылы қыркүйекте шығып, Алматыдағы бокс кешінде жұдырықтасқан еді. Ол филиппиндік Джо Нойнайды мерзімінен бұрын 5-раундта ұтып, WBC Peace чемпоны атағын иеленді. Осылайша, кәсіпқой бокстағы 12-жеңісіне қол жеткізген болатын.

33 жастағы Данияр Елеусінов – әуесқой бокстан Олимпиада чемпионы, әлем біріншілігінің жеңімпазы, Азия чемпионатының, Азия ойындарының екі дүркін алтын медаль иегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2208543-birneshe-boksshy-bas-tartty-daniiar-eleusinov-qarsylas-tappai-zhurgenin-aitty/