jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    "Нұрбек Оралбай құрамаға оралады": Қазақстан боксшылары алда қандай жарыстарға қатысады

    Нұрбек Оралбай мен Александр Хижняк
    Нұрбек Оралбай мен Александр Хижняк. Фото: Pool/Getty Images

    Жаңа маусымдағы бокстан алғашқы халықаралық турнирді Қазақстан ерлер құрамасы ақпан айының басында Испанияда өткізеді. Бұл туралы бас бапкер Қайрат Сәтжанов мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қайрат Сәтжанов боксшы Нұрбек Оралбайдың қатарға қайта оралуы және алдағы ірі жарыстарға дайындық жоспарлары туралы айтты.

    Қазақстан чемпионатында таң қалдырған боксшылар туралы

    "Біз Қазақстан чемпионатын құрлықтық біріншіліктен кейін бірден Қарағандыда өткіздік. Оған құрлықтық жарыста көзге түскен спортшылар қатысқан жоқ. Яғни, біз басқа боксшыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік бердік, бұл өз нәтижесін берді. Көптеген жас жігітті назарға алдық. Басқаша айтқанда, жаңа есімдер анықталды.

    Мысалы, 48 келі салмақ дәрежесінде 2005 жылғы Нұрзат Оңғаров жақсы өнер көрсетті. Финалға дейін жетіп, онда тәжірибелі Теміртас Жүсіповке жол берді. Жүсіпов ел чемпионатын мансабында сегізінші рет жеңіп алды. Қазақстан чемпиондары ретінде Даниял Сәбит пен Тимур Қабдешов ерекше көзге түсті. Олардың өнері қуантты. Сондай-ақ, Ақтілек Орынбасар, Шыңғыс Мусинов, Талғат Сарымбетов та жақсы қырларынан танылды", - деді бас бапкер.

    Нұрбек Оралбайдың отадан кейін құрамға оралуы жайлы да айтты.

    "Нұрбек Оралбайдың қалпына келуі жақсы өтіп жатыр. Ол мұрын қуыстарын емдеді. 13 қаңтарда басталатын алдағы жиындарда ол құрамға қосылып, қатарға оралады", - деді Қайрат Сәтжанов.

    Айта кетейік, биыл боксшыларға арналған жиындар Кисловодсктегі базада өтеді. Ресей, Өзбекстан, Беларусь және тағы басқа елдердің негізгі және қосалқы құрамдары жаттығады. Биылғы басты турнирлер — екі әлем чемпионаты және құрлықтық біріншілік.

    "Нұрбек Оралбай құрамаға оралады": Қазақстан боксшылары алда қандай жарыстарға қатысады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.