jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    WBC нұсқасы бойынша 2024 жылдың үздік боксшысы белгілі болды

    Александр Усик пен Тайсон Фьюри
    Александр Усик пен Тайсон Фьюри. Фото: Richard Pelham/Getty Images

    Әлемдік бокс кеңесі (WBC) украиналық спортшы Александр Усикті 2024 жылдың үздігі деп таныды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ WBC-дің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    WBC өткен жылдың үздіктерін анықтады. Ерлер арасында украиналық Александр Усик "Жыл боксшысы" атанды. Ол былтыр мамырда британиялық Тайсон Фьюриді жеңіп, аса ауыр салмақта абсолют әлем чемпионы атанған еді. Кейін желтоқсанда Фьюримен тағы жекпе-жек өткізіп, үш бірдей титулын қорғап қалды. Қазіргі таңда Усик – WBA Super, WBO, IBO, The Ring және WBC белбеулерінің иегері.

    Сондай-ақ WBC Александр Усик пен Тайсон Фьюридің бірінші кездесуін "Жыл жекпе-жегі" деп атады. Бұдан бөлек Александр Усиктің бапкері Юрий Ткаченко "Жыл жаттықтырушысы" атағына лайық деп танылды.

    "Юрий Ткаченко Александр Усиктің таңғажайып жетістіктерінде сөзсіз маңызды рөл атқарды. Усиктің ерекше бокс стилі, техникалық шеберлік пен атлетизмнің үйлесімі, Ткаченконың бокстағы тәжірибесін көрсетеді", - делінген WBC мәлімдемесінде.

    Еске салайық, MMA Fighting басылымы 2024 жылдың ең үздік аралас жекпе-жек шеберін атаған еді.

    WBC нұсқасы бойынша 2024 жылдың үздік боксшысы белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.