jitsu gif
Спорт

    Шетелдік сарапшылар ММА спортының 2024 жылдың үздік файтерін анықтады

    Шавкат пен Илья
    Шавкат пен Илья. Фото: Brooke Sutton/Getty Images; Stacy Revere/Getty Images

    MMA Fighting басылымы 2024 жылдың ең үздік аралас жекпе-жек шеберін атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жылдың үздігі ретінде UFC жартылай жеңіл салмақ дәрежесінің чемпионы Илия Топурия (16-0) танылды. Грузиялық файтер биыл екі жекпе-жек өткізіп, екеуінде де айқын жеңіске жетті: ақпанда австралиялық Алекс Волкановскиді (26-4) екінші раундта нокаутқа жіберсе, қазанда америкалық Макс Холлоуэйді (26-8) үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.

    Қазақстандық файтерлер арасында ең танымал спортшы — Шавкат Рахмонов (19-0). Желтоқсанда Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрриді (15-1) төрешілер шешімімен жеңді.

    Айта кетейік, енді ол келесі жекпе-жегін жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін америкалық Белал Мұхаммадқа (24-3) қарсы өткізуі мүмкін.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.