jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Головкиннің ізін жалғаймын": Азия чемпионы кәсіпқой бокстан ұсыныс түсіп жатқанын айтты

    Сағындық Тоғамбай
    Сағындық Тоғамбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

    Бокстан Азия чемпионы Сағындық Тоғамбай кәсіпқой бокста өнер көрсету туралы ұсыныстар түсіп жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ YouTube желісіндегі "Спорт Министрі" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Кәсіпқой бокстан ұсыныстар болып жатыр. Бірақ дәл қазіргі мақсат – әлем чемпионы, Олимпиада жеңімпазы болу. Десе де мен де кәсіпқой бокста өнер көрсетуді қалаймын. Геннадий Головкин ағамыздың ізін жалғағым келеді. Америкадағы "T-Mobile", "Madison Square Garden" сияқты ареналарды жанкүйерлерге толтырып, қазақстандықтарды таңғы 5-те тұрғызып, жекпе-жектер өткізуді армандаймын. Сол арманыма жақындап келе жатырмын деген ойдамын", - деді Сағындық Тоғамбай.

    Еске салайық, Сағындық Тоғамбай 2024 жылы желтоқсанда Таиландтағы Азия чемпионатында алтын медаль еншілеген еді. Ол 92 кг салмақ дәрежесіндегі финалда тәжікстандық Парвиз Каримовты екінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.

    23 жастағы Сағындық – 2022 жылғы Азия чемпионаты мен жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері. Сонымен қатар, ол үш рет жастар арасында Азия чемпионы атанған.

    "Головкиннің ізін жалғаймын": Азия чемпионы кәсіпқой бокстан ұсыныс түсіп жатқанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.