jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Ұлттық ұлан құрылған күн: Махмұд Сабырхан шымкенттік жауынгерлермен кездесті

    Махмұд Сабырхан
    Махмұд Сабырхан. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Бүгін қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан мен аралас жекпе-жек шебері Қаршыға Дәуітбек Ұлттық ұланның құрылған күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. Іс-шара Шымкенттегі №6698 әскери бөлімінде өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

    Мерекелік концерттен соң жауынгерлермен кездескен спортшылар Ұлттық ұланның құрылған күнімен құттықтады. Кездесу барысында олар жеңіске жету жолындағы қажырлы еңбек, батылдық пен патриоттық рух туралы сөз қозғады.

    Олар әскери қызметшілерге ел қорғауда атқарып жатқан абыройлы қызметтері үшін үлкен алғыс білдірді. Кездесу соңында әскери бөлім басшылығы Қазақстанның көк туын әлемдік аренада көтеріп, ел мәртебесін арттырып жүрген спортшыларға құрмет көрсетіп, арнайы сыйлықтар табыстады.

    Ұлттық ұлан құрылған күн: Махмұд Сабырхан шымкенттік жауынгерлермен кездесті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.