jitsu gif
Спорт

    Әлем чемпионы Ангелина Лукас кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегінің қашан және қайда өтетінін мәлімдеді

    Ангелина Лукас
    Ангелина Лукас: instagram.com/angelina_lukas1997/

    Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Instagram желісіндегі ресми парақшасында кәсіпқой бокстағы келесі кездесуінің қашан және қайда өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Кеше, 12 қаңтарда қазақстандық боксшы Ангелина Лукас кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегінің өтетін күнін және орнын ресми түрде хабарлады.

    Ангелина Лукас 31 қаңтарда Мәскеу қаласында IBA Championship Night турнирі аясында шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы – Нигерия елінің боксшысы Айсат Оринми.

    Ангелина Лукас кәсіпқой бокста 11 мәрте жеңіске жетсе (5 нокаут), 1 рет жеңіліс тапқан.

    Айта кетейік, 6 қазанда 10 раундқа созылған жекпе-жек нәтижесінде қазақ спортшысы Ангелина Лукас аргентиналық Дебора Лопес (21-3-1, 1 КО) төрешілер шешімімен жеңімпаз атанды. Ол аса жеңіл салмақта IBO чемпиондық белбеуін еншілеген болатын.

    Әлем чемпионы Ангелина Лукас кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегінің қашан және қайда өтетінін мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.