jitsu gif
Спорт

    Тайсон Фьюри мансабын аяқтайтынын мәлімдеді (видео)

    Тайсон Фьюри
    Тайсон Фьюри. Фото: Richard Pelham/Getty Images

    Бокстан ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Тайсон Фьюри мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды спортшының Instagram парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Спортшы парақшасында жария еткен видеода мансабына қатысты шешімін ортаға салған.

    "Баршаға сәлем! Қысқа әрі нұсқа әрекет етпекпін. Бокстан кететінімді хабарлағым келеді. Бәрі керемет болды. Әр минуттан ләззат алдым", - деді Фьюри.

    Сондай-ақ спортшы өзіне қолдау көрсеткендерге алғыс білдіріп, видеосының астына жазба қалдырды.

    "Бұл жолда көмектескендердің барлығына рахмет! Жаңа жыл құтты болсын. Иса - патша! Бүгінде әрі мәңгілікке", - деп жазды Фьюри.

    Британ спортшысы 36 жаста, кәсіпқой рингте екі рет жеңіліп, бір рет тең түсіп, 34 рет жеңіске жеткен. Ауыр салмақтағы бірнеше чемпиондық белбеуге ие болған. Соңғы екі жекпе-жегінде Фьюри төрешілердің шешімімен украиналық Александр Усиктен жеңіліп қалды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.