jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстандық боксшы IBF рейтингінің үздік бестігіне енді

    Сұлтан Зәуірбек
    Сұлтан Зәуірбек: instagram.com/sultanzaurbek

    Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесі бойынша боксшылар рейтингісінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Басылым Қазақстан боксшыларының рейтингтегі орындарын мәлім етті.

    Рейтинг бойынша екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов әзірге 15-орында. IBF нұсқасы бойынша осы салмақта әлем чемпионы кубалық Уильям Скулл тұрған рейтингтің бірінші позициясы бос, екінші және үшінші орындарды тиісінше ресейлік Владимир Шишкин мен француз Кристиан Мбилли иеленді.

    IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы бар орта санатта да бірінші орын бос, екінші орынды италиялық Этиноса Олиха, үшінші орынды британдық кіші Крис Юбэнк иеленді.

    Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек жетінші орыннан бесінші орынға көтерілді. Бұл салмақтағы әлем чемпионы – британдық боксшы Энтони Какасе, рейтингті мексикалық Эдуардо Нуньес бастаса, екінші орын бос тұр, үздік үштікте жапондық Масанори Рикиши.

    Қазақстандық боксшы IBF рейтингінің үздік бестігіне енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.