Спорт

Зектілері

Әлем чемпионы Мерей Ақшалов Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды

Жарияланған күні:

Мерей Ақшалов. Фото
Мерей Ақшалов. Фото: instagram.com/qajymuqan.sport

Бокстан әлем және Азия чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Мерей Ақшалов бокс федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды федерацияның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан бокс федерациясы президентінің бұйрығымен Ақшалов Мерей Төлегенұлы ҚБФ бас хатшысы қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мерей Төлегенұлы Ақшалов — бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2004 жылы кадеттер арасында Азия чемпионы атанған, 2006 жылы Мароккода өткен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде топ жарған, 2010 жылы АҚШ-та өткен әскерилер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған, сондай-ақ соңғы 2010-2012 жылдары "Астана" арландары сапында өнер көрсетіп, 2012 жылғы ел біріншілігінде 64 келі салмақта чемпион атанған.

Мерей Төлегенұлы Ақшаловтың туған жері бұрынғы Семей облысы Аякөз ауданы Мыңбұлақ ауылы. Астана қаласындағы Қажымұқан атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат түлегі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2215017-alem-chempiony-merei-aqshalov-qazaqstan-boks-federatsiiasynyng-bas-hatshysy-bolyp-tagaiyndaldy/