jitsu gif
Спорт

    Головкин командасындағы қазақстандық боксшы Астанада жекпе-жек өткізеді

    Әли Ахмедов
    Әли Ахмедов. Фото: Steve Marcus/Getty Images

    Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедовтің келесі жекпе-жегінің орны мен күні белгілі болды, деп хабарлайды спортшы командасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ахмедов келесі жекпе-жегін 28 ақпанда Қазақстанның елордасы – Астанада өтетін бокс кешінде өткізеді. Әзірге отандық боксшының қарсыласы кім болатыны белгісіз.

    Әли Ахмедовтің жекпе-жегі осы бокс кешінің басты оқиғасы болмақ.

    Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегін 18 қаңтарда Американың Коммерс қаласында өткізді. Бұл жекпе-жекте ол жергілікті боксшы Малкольм Джонсты екінші раундта нокаутқа түсірді.

    Айта кетейік, 29 жастағы спортшы бұған дейін Геннадий Головкиннің командасымен бірге жаттығып, жекпе-жектерінің андеркардында да өнер көрсеткен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.