jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бивол реваншта Бетербиевті жеңіп, бокстан жаңа абсолютті әлем чемпионы атанды (видео)

    Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол
    Артур Бетербиев пен Дмитрий Бивол. Фото: Richard Pelham/Getty Images

    Ресейлік Дмитрий Бивол Эр-Риядта өткен титулдық жекпе-жекте ресейлік-канадалық боксшы Артур Бетербиевті жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Боксшылар арасындағы кездесу Сауд Арабиясының астанасында өткен турнирдің басты жекпе-жегі болды.

    Жекпе-жекте жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы (79,4 кг-ға дейін) сарапқа салынды. Бұл атаққа Бетербиев 2024 жылғы қазан айындағы бірінші кездесуде Биволды төрешілер шешіммен жеңіп, қол жеткізген еді.

    Реванш 12 раундқа созылып, өте тартысты өтті. Жекпе-жектің соңында Бивол сол жақ қабағынан жарақат алып қалды. Нәтижесінде ресейлік боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (114:114, 116:112, 115:113). Төрешілердің басым бөлігі оны жеңіске лайық деп тапқан.

    Осылайша, 34 жастағы Бивол жартылай ауыр салмақтағы әлемнің жаңа абсолютті чемпионы атанып, кәсіпқой мансабындағы 24-жеңісін (12-ін нокаутпен жеңген) тойлауда.

    Ал Бетербиев кәсіпқой рингте алғаш рет жеңіліс тапты. 40 жастағы боксшы бұған дейін 21 кездесу өткізіп (20-ы нокаутпен жеңген) бәрінде жеңіске жеткен болатын.

    Бивол реваншта Бетербиевті жеңіп, бокстан жаңа абсолютті әлем чемпионы атанды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.