jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінде көш бастады

    Мейірім Нұрсұлтанов
    Мейірім Нұрсұлтанов шаршы алаңда. Фото: David Spagnolo/Main Events

    Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов өнер көрсететін орта салмақ рейтингін жаңартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл дивизионда WBC чемпиондық белбеуіне әлі де доминикандық Карлос Адамес иелік етеді.

    Рейтингте бұған дейін үшінші орында тұрған Мейірім Нұрсұлтанов көш басына шықты.

    Еске сала кетейік, Бүкіләлемдік бокс кеңесі бұған дейін Адаместі Нұрсұлтановпен жекпе-жекте чемпиондық атағын қорғауға міндеттеген. Дегенмен жекпе-жек өтетін күн белгісіз.

    Қазақстандық боксшы соңғы рет шаршы алаңға 2023 жылы Ташкентте шыққан. Сол кезде ол төрешілердің ортақ шешімімен чилилік Хулио Аламостан басым түскен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.