RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Қазақтың намысын қорғаймын": боксшы Сабырхан Төрехан желіде жаңалығын бөлісті

Жарияланған күні:

Төрехан Сабырхан
Төрехан Сабырхан. Фото: ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті

Танымал боксшы Сабырхан Төрехан рингке Атырау облысының атынан шығатын болды. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін шаршы алаңда Түркістан облысының намысын қорғап жүрген спортшы желіде жаңалығын бөлісті.

"Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Бір маңызды жаңалықты бөлісейін деп ем. Мен бұдан былай Атырау облысының намысын қорғаймын! Маған мұндай мүмкіндік берген Атырау облысы бокс федерациясының басшысы Бауыржан Каримовке алғыс айтқым келеді.

Барлықтарыңыз білесіздер, осыған дейін мен Түркістан облысының намысын қорғап, осы күнге дейінгі қол жеткізген жеңістерімді осы өңірдің боксшысы ретінде тіркедім. Ол үшін киелі Түркістан облысы федерация өкілдеріне рақмет айтамын.

Құрметті жанкүйер, мен алда ел ішінде Атырау намысын қорғағаныммен, сыртты бүкіл елдің, Қазақтың намысын қорғаймын! Жеңісті күнде жүздескенше!", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2228411-qazaqtyng-namysyn-qorgaimyn-boksshy-sabyrhan-torehan-zhelide-zhangalygyn-bolisti/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif