RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Ел қоржынына +1 алтын: Назым Қызайбай бокстан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Жарияланған күні:

Назым Қызайбай
Назым Қызайбай. Фото: Richard Pelham/Getty Images

Назым Қызайбай Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы алтын түсті.

48 келідегі Назым Қызайбай финалдық айқаста Ресей өкілі Юлия Чумгалакованы 5:0 есебімен жеңді.

Отандық спортшы жекпе-жектің алғашқы минуттарында-ақ басымдық алып, қарсыласын дәл соққылармен есеңгіретті. Сонымен бірге ол қарсыласының соққыларынан шеберлікпен қорғана алды. Осылайша Назым үш дүркін әлем чемпионы атанды.

Бұған дейін 31 жастағы қазақ қызы әлем біріншілігінің екі дүркін чемпионы атанған (2014 және 2016).

Сонымен бірге Назым Қызайбай 2024 жылғы Париждегі Жазғы Олимпиада ойындарында қола медаль алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2228477-altyn-nazym-qyzaibai-bokstan-ush-durkin-alem-chempiony-atandy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif