jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстандық Аида Әбікеева мансабында алғаш рет бокстан әлем чемпионы атанды

    Аида Әбікеева
    Аида Әбікеева. Фото: Нұрғали Жұмағазы / Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

    Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Аида Әбікеева Сербияның Ниш қаласында өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    63 келі салмақтағы шешуші жекпе-жекте Әбікеева таиландтық Тананьи Сомнуекпен жұдырықтасты.

    Аида жекпе-жек барысында дәл соққылар жасап, қарсыласынан басым түсті. Осылайша 5:0 есебімен жеңіске жетіп, 2025 жылғы әлем чемпионатында ұлттық құрамаға үшінші алтынды әкелді.

    Айта кетейік, 26 жастағы Әбікеева өз мансабында алғаш рет әлем чемпионы атанды, ол бұған дейін 2024 жылғы Азия чемпионатында жеңіске жеткен болатын.

    Ұлттық құрама үшін бұл Сербияда өткен әлем чемпионатындағы бесінші медаль. Бұған дейін алтынды Назым Қызайбай мен Алуа Балқыбекова, күмісті Виктория Графеева, қоланы Наталья Богданова жеңіп алған болатын.

    Ал алтыншы медальды Қазақстан әйелдер құрамасының тағы бір өкілі Елдана Тәліпова финалдық кездесуде еншіледі.

    Қазақстандық Аида Әбікеева мансабында алғаш рет бокстан әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.