RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Елдана Тәліпова бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Елдана Тәліпова
Елдана Тәліпова. Фото: Нұрғали Жұмағазы / Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Елдана Тәліпова Сербияда өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тәліпова 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде финалдық белдесуде өнер көрсетті. Оның қарсыласы қытайлық Чжан Илянь болды.

Үш раундта да төрешілер қытайлық спортшы басым түсті деген шешім қабылдады. Чжан Илянь 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша қазақстандық спортшы Сербияда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Бұл әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының соңғы жекпе-жегі болды. Қазақстан құрамасы барлығы алты медаль жеңіп алды. Алтын медальді Назым Қызайбай, Алуа Балқыбекова мен Аида Әбікеева, күмісті Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова, қоланы Наталья Богданова еншіледі.

Жүлделер саны бойынша Қазақстан құрамасы жалпы медальдық есепте екінші орынға жайғасты. Кестеде 4 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен Ресей көш бастады. Түркия бір алтын, үш күміс және екі қола медальмен үздік үштікті тұйықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2228540-eldana-talipova-bokstan-2025-zhylgy-alem-chempionatynyng-kumis-zhuldegeri-atandy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif