
Орта салмақта WBO және IBF титулының иегері, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының кезекті қарсыласы Астанаға келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Nomad Promotions компаниясы Instagram желіcіндегі парақшасында франциялық Анауэль Нгамиссенгенің (14-0, 9КО) елорда әуежайына келген сәті түсірілген видео жариялады.
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуірде Астана қаласында кезекті жекпе-жегін өткізіп, чемпиондық белдіктерін қорғайды.
Айта кетсек, елордадағы "Барыс Аренада" болатын бокс кешін тікелей эфирде Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді.
Сондай-ақ бұл шараны әлем жұртшылығы белгілі ESPN спорт каналы арқылы тамашалай алады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2232215-zhanibek-alimhanulynyng-qarsylasy-astanaga-keldi/
Пікірлер жүктелуде