RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

World Boxing: қазақ боксшысы әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Жарияланған күні:

Даниял Сапарбай
Даниял Сапарбай. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақ боксшысы Даниял Сапарбай World Boxing-тың ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем кубогының алғашқы кезеңінде қола жүлдеге ие болды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

+90 келі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалдық кездесуде Даниял Сапарбай өзбекстандық Жахонгир Зокировқа 0:5 есебімен жол берген. Осылайша, ол әлем кубогының қола жүлдесін еншіледі.

Бүгін, 4 сәуірде шаршы алаңға тағы бес боксшымыз шығады. Олар: Нұрсұлтан Алтынбек, Диас Молжігітов, Дәулет Төлемісов, Жазира Орақбаева, Ұлжан Сәрсенбек.

Айта кетейік, World Boxing ұйымы ұйымдастырған әлем кубогының алғашқы кезеңі Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатыр.

Екінші кезең 30 маусым - 7 шілде аралығында Қазақстанда болады.

"Бокстан әлем кубогы – ерлер мен әйелдер арасындағы үздік боксшылар рейтингтік ұпайларды сарапқа салатын, бірнеше кезеңнен тұратын турнир сериясы. Биыл жыл бойы үш кезең өткізіліп, қараша айында қорытынды, яғни финалдық бәсеке болмақ", - делінген Қазақстан бокс федерациясы таратқан хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2233074-world-boxing-qazaq-boksshysy-alem-kubogynyng-qola-zhuldegeri-atandy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif