jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бокстан 2025 жылғы әлем кубогының кезеңі Қазақстанда өтеді

    Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдаулетов
    Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдаулетов. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

    World Boxing ұйымы 2025 жылдың ресми жарыс күнтізбесін жариялады. Бокстан әлем кубогының екінші кезеңі Қазақстанда өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

    Федерация мәліметінше, бокстан бірнеше кезеңнен тұратын әлем кубогының өтетін уақыты белгілі болды. Осылайша, екінші кезең 30 маусым мен 7 шілде аралығында Қазақстанда ұйымдастырылады.

    "Бокстан әлем кубогы – ерлер мен әйелдер арасындағы үздік боксшылар рейтингтік ұпайларды сарапқа салатын, бірнеше кезеңнен тұратын турнир сериясы. Биыл жыл бойы үш кезең өткізіліп, қараша айында қорытынды, яғни финалдық бәсеке болмақ", - делінген хабарламада.

    Ал 2025 жылдың ересектер арасындағы әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек күндері Ұлыбританияда өтеді деп жоспарланып отыр.

    Бокстан 2025 жылғы әлем кубогының кезеңі Қазақстанда өтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.