jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте бір саты көтерілді

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    Орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12КО) кезекті жеңісінен кейін әлемдік рейтингте жоғарылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ BoxRec порталына сілтеме жасап.

    BoxRec нұсқасына сәйкес, Жәнібек Әлімханұлы 857 ұпаймен рейтингте орта салмақта екінші орынға көтерілді. Бұл салмақта кубалық америкалық боксшы Эрисланди Лара (31-3-3, 19КО) көш бастаса, англиялық боксшы кіші Крис Юбанк (34-3, 25КО) үздік үштік қатарында.

    Жәнібектің соңғы қарсыласы Анауэль Нгамиссинге (14-1, 9 КО) рейтингіде үш сатыға төмендеп, қазіргі уақытта 12-орыннан табылды.

    Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы BoxRec порталының барлық салмақ категориясы бойынша әлем рейтингісінде 18-орынға жайғасты. Көш басында жапондық Наоя Иноуэ, америкалық Теренс Кроуфорд және ресейлік Дмитрий Бивол тұр.

    Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуірде Астанада Battle of the Brave бокс кешінің басты жекпе-жегінде қарсыласы Анауэль Нгамиссингені бесінші раундта нокаутпен жеңіп, чемпиондық белдіктерін сәтті қорғады.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыны жеңісімен құттықтады.

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте бір саты көтерілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.