jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Тек сенімен жекпе-жекке шығамын": Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласын анықтады

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Х желісінде келесі қарсыласының есімін атады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жәнібек Әлімханұлы үшінші атақты алуы қажет екенін айтты.

    "Дәл қазір маған үшінші белбеуді әкелетін жекпе-жектен басқасы қызық емес", - деп жазды қазақстандық спортшы.

    Осылайша ол орта салмақтағы WBC чемпиондық белбеуінің қазіргі иегері – доминикандық Карлос Адамесқа ұсыныс тастады.

    "Карлос Адамес, мен менеджеріме тек сенімен жекпе-жекке шыққым келетінін айттым! Енді сенің кезегің. Командаңмен сөйлесіп, осы жекпе-жекті өткізейік - ешқандай сылтау, уақыт созу болмасын. Жанкүйерлерге өз қалағанын берейік!" - деп жазды Әлімханұлы.

    Адамес бұл ұсынысқа әзірге жауап берген жоқ.

    "Тек сенімен жекпе-жекке шығамын": Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласын анықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.