Бокстан Астанада өтетін Әлем кубогына Өзбекстан құрамасы қатыса ма: бас бапкер Сәтжанов жауап берді
Опубликовано:

Бокстан Астанада өтетін Әлем кубогына Өзбекстан құрамасының қатыспайтыны белгілі болды, деп хабарлайды 1bol.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжановтың айтуынша, Өзбекстан құрамасы жарысқа қатысуға о баста өтінім берген.
"Бастапқыда Өзбекстан құрамасы турнирге қатысуға өтінім берген еді, бірақ бір-екі аптадан кейін қатысудан бас тартты. Оның себебін білмейміз. Бәлкім тактикалық тұрғыда қабылданған шешім шығар.
Дегенмен бұл дегеніміз жарыста бәсекелестік төмен болады деген сөз емес. Себебі бұл турнирге бірнеше әлем чемпионы, Олимпиада жүлдегерлері, Азия чемпиондары қатысады. Бұл турнир жоғары деңгейде өтеді деп үміттенемін", - деді ол.
Айта кетейік, Астанадағы Әлем кубогы 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді. Бұған дейін Қайрат Сәтжанов қазақ боксшыларының дайындығы туралы айтқан еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2258964-bokstan-astanada-otetin-alem-kubogyna-ozbekstan-quramasy-qatysy-ma-bas-bapker-satzhanov-zhauap-berdi/