jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Ел қоржынында бесінші алтын: Төрехан Сабырхан әлем біріншілігінің чемпионы атанды

    Төрехан Сабырхан
    Төрехан Сабырхан. Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

    Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды. Осымен отандасымыз ел қоржынына бесінші алтынды түсірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Төрехан Сабырхан финалда жапониялық Севон Окадзавамен қолғап түйістірді. Жекпе-жек төрешілер шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.

    Отандасымыз әлем біріншілігінің чемпионы атанып, ел қоржынына бесінші алтын медальді түсірді.

    Бұған дейін Назым Қызайбай күміс жүлдеге ие болса, Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан алтын медальді жеңіп алды. Алуа Балқыбекова финалда түркиялық қарсыласын жеңіп, әлем біріншілігінің екі дүркін чемпионы атанды.

    Ел қоржынында бесінші алтын: Төрехан Сабырхан әлем біріншілігінің чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.