jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Төрт титулдың бәрін иелену": Жәнібек Әлімханұлы чемпиондыққа қатысты ұстанымын айтты

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы желідегі парақшасында жазба жариялады. Жазбасында боксшы чемпиондыққа қатысты ұстанымы туралы айтқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Нағыз чемпион төрт титулдың бәрін иеленуге ұмтылуы керек! Егер сенде 1-2 ғана белбеу болса демек, салмағыңда басқа да чемпиондар әлі бар деген сөз.

    Чемпион ешқандай титулды өзгеге қалдырмай, барлығын жинауға тырысуы керек! Чемпиондық ұстаным осындай болу шарт деп есептеймін!

    Әрине әрқашан ондай мүмкіндік бола бермейді. Бірақ барынша осы жолда аянбау керек! Мақсат айқын болса, еңбек сол мақсатқа жетелейді!" - деп жазды боксшы Instagram-дағы парақшасында.

    Естеріңізге сала кетейік, биыл 5 сәуірде Астанада өткен кәсіпқой бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгені жеңіп, екі бірдей чемпиондық атағын (IBF және WBO нұсқасы бойынша) қорғап қалды.

    Белгілі спорт журналисі Дэн Рафаэльге сілтеме жасаған 1bol.kz порталының жазуынша, Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі биыл 6 желтоқсанда кубалық Эрисланди Лараға қарасы өтуі мүмкін.

    Кездесу АҚШ-тың Техас штатына қарасты Сан-Антонио қаласындағы Frost Bank Center аренасында өтуі ықтимал.

    Бұл кеш орта салмақтағы WBO, IBF және WBA тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулер сарапқа салынатын ерекше оқиға болмақ.

    "Төрт титулдың бәрін иелену": Жәнібек Әлімханұлы чемпиондыққа қатысты ұстанымын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.