jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Асыға күткен жекпе-жек өтпейтін болды": Жәнібек Әлімханұлының командасы мәлімдеме жасады

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    Жәнібек Әлімханұлының командасы допинг дауына байланысты боксшының кезекті жекпе-жегі өтпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Бұл жаңалыққа біз қалай таң қалсақ көп жанкүйер де солай таң қалғанын білеміз. Біздің көңіл күйіміз түскеніндей көп жанкүйердің көңіл күйі түскенін сезіп отырмыз. Өйткені тақым қысып тілеулес болып отырған ағайын өте көп. Асыға күткен жекпе-жек өтпейтін болды.

    Жаңалыққа таң қалдық деген себебіміз VADA-ның бірінші алған анализдері таза деген хабар келген болатын, екінші анализде даулы мәселе бар деген хабар жетті. Екі анализ арасында тамаққа да, витаминге де ешқандай өзгеріс жасамадық. Бұл қалай болды екен деп түсінбей отырмыз!

    Қаншама еңбек, қан мен тер төгілді. 4 айдан бері басқа елдеміз. Шығындар бар. Отбасыдан жырақ. Біз үшін бұл жаңалық оңайға соқпады", - делінген Facebook-те жарияланған мәлімдемеде.

    Боксшының командасы әрқашан таза спортты қолдайтынын, қазір менеджерлер мен заңгерлер жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

    "Қайта анализ тапсырсақ деген өтініш айттық. Ескі анализдің екінші нұсқасын да тексерту, зертханадағы жұмыс бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мамандардан хабар күтіп отырмыз.

    Үлкен спортта әртүрлі қиындықтар болады екен. Бұйырса, бұл қиындықтан да өтеміз! Ең бастысы еңсені түсірмеу керек! Қолдау пікірлеріңізге мың алғыс", - деді Жәнібек Әлімханұлының командасы.

    Естеріңізге сала кетейік, 7 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы кубалық Эрисланди Ларамен орта салмақтағы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін біріккен титулдық жекпе-жек өткізеді деп жоспарланған еді.

    Алайда кеше дереккөз сілтеме жасаған The Ring журналы Instagram-дағы парақшасында қазақ боксшысының VADA тестінен өтпей қалғанын, тыйым салынған препараттарға тапсырған сынамасының нәтижесі дұрыс шықпағанын, жекпе-жек өтпеуі мүмкін екенін жазды.

    Кейінірек Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткенін растап, бұл туралы хабарламаны 2 желтоқсанда Ерікті допингке қарсы қауымдастықтан (VADA) алғанын және ішкі тергеу процесі басталғанын хабарлады.

    Жәнібек Әлімханұлы бұған қатысты пікір білдіріп, өзі үшін де күтпеген жаңалық болғанын мәлімдеді.

    "Асыға күткен жекпе-жек өтпейтін болды": Жәнібек Әлімханұлының командасы мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.