jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жәнібек Әлімханұлы беделді басылымның рейтингінен шығарылды

    Боксшы Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    Қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы допинг дауынан кейін The Ring беделді басылымының орта салмақ дәрежесі бойынша рейтингінен шығарылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Беделді америкалық журнал X әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында орта салмақтағы боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.

    Жазбада Әлімханұлының допинг дауына ілігуіне байланысты рейтинг өзгертілгені айтылған. Бұған дейін қазақ боксшысы рейтингте бірінші орында тұрған еді. Енді ол рейтингтен шығарылғаннан кейін қалған боксшылар бір саты көтерілген.

    Осылайша, үздік ондықты кіші Хесус Рамос түйіндеді. Жаңартылған рейтингте бірінші орында Карлос Адамес, екінші орында Йоэнлис Эрнандес, үшінші орында Эрисланди Лара тұр.

    Естеріңізге сала кетейік, 7 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы кубалық Эрисланди Ларамен орта салмақтағы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін біріккен титулдық жекпе-жек өткізеді деп жоспарланған еді.

    Алайда боксшысының VADA тестінен өтпей қалғаны, тыйым салынған препараттарға тапсырған сынамасының нәтижесі дұрыс шықпағаны хабарланды.

    Кейінірек Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткенін растап, бұл туралы хабарламаны 2 желтоқсанда Ерікті допингке қарсы қауымдастықтан (VADA) алғанын және ішкі тергеу процесі басталғанын хабарлады.

    Жәнібек Әлімханұлы бұған қатысты пікір білдіріп, өзі үшін де күтпеген жаңалық болғанын мәлімдеді. Бұл жағдайға байланысты боксшының кезекті жекпе-жегі өтпей қалды.

    Жәнібек Әлімханұлы беделді басылымның рейтингінен шығарылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.