jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанның үздік 10 кәсіпқой боксшысы анықталды

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_qazaqstyle

    Boxrec.com сайты 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның үздік боксшыларының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Басылымның жазуынша, рейтингте бірінші орында Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) тұр.

    Жуырда допинг дауына іліккен боксшы қазіргі таңда орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қалып отыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, Әлімханұлы дисквалификацияға ұшырап, чемпиондық белбеулерінен айырылуы мүмкін.

    Сондай-ақ үздік үштікте Сұлтан Заурбек (20-0, 13 КО) пен Жанқош Тұраров (29-0, 20 КО) бар.

    Ал үздік ондыққа мына боксшылар енген:

    • Данияр Елеусінов (13-0, 8 КО);
    • Бек Нұрмағанбет (15-0, 13 КО);
    • Бекман Сойлыбаев (21-1, 12 КО);
    • Батыр Жүкембаев (24-1, 17 КО):
    • Руслан Мәдиев (18-2-1, 6 КО);
    • Елшат Нығметолла (21-0-3, 8 КО);
    • Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО).

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін The Ring беделді басылымы допинг дауынан кейін Жәнібек Әлімханұлын орта салмақ дәрежесі бойынша рейтингтен шығарып, жаңартылған тізімді жариялаған еді.

    Қазақстанның үздік 10 кәсіпқой боксшысы анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.