jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Допинг дауы: кәсіпқой бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлына қатысты жағдайға ресми мәлімдеме жасады

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

    Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлына қатысты жағдай бойынша ресми мәлімдеме жасап, B сынамасының ашылуы мен талдануы істің тағдырына тікелей әсер ететін шешуші кезең екенін мәлімдеді. Бұл туралы 1bol.kz хабарлады.

    Федерацияның хабарлауынша, бұл процесс спортшының мансабына ғана емес, іске қатысы бар барлық тараптардың әрекеттеріне құқықтық баға беруге негіз болады.

    "Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша B сынамасын ашу - заңдық тұрғыдан шешуші кезең. Бұл тек спортшының мансабына емес, іске қатысушы барлық тараптардың әрекеттеріне құқықтық баға беруге тікелей әсер етеді", - делінген ресми мәлімдемеде.

    Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы халықаралық спорт құқығының негізгі қағидаттарын қатаң ұстанатынын атап өтті. Атап айтқанда, кінәсіздік презумпциясы, процестік адалдық және бекітілген регламенттердің сақталуы басты орында.

    "B сынамасының ресми нәтижелері алынғанға дейін спортшы заңды түрде кінәсіз болып саналады. Айыптаушы сипаттағы кез келген жария мәлімдемелерді біз процестің әділдігіне қысым көрсету және спортшының құқықтарын бұзу деп есептейміз", - деп мәлімдеді федерация.

    Сондай-ақ ведомство B сынамасының ашылуы мен талдануы халықаралық талаптарға толық сәйкес жүргізілуі тиіс екенін қадап айтты. Федерация спортшы мен оның өкілдері процестің барлық кезеңдері мен нәтижелеріне толық қол жеткізуі қажет екенін алға тартты.

    "Регламенттен кез келген ауытқу нәтижелердің жарамсыз деп танылуына негіз болуы мүмкін", - деп ескертті ұйым өкілдері.

    Федерация Жәнібек Әлімханұлын қорғауды өз міндеті санайтынын жеткізді.

    "Федерация Жәнібек Әлімханұлын тіркелген кәсіби боксшы ретінде қорғауды жүзеге асырады және оның құқықтары мен беделін қорғау үшін барлық заңды тетіктерді қолданады", - делінген мәлімдемеде.

    B сынамасы таза деп танылған жағдайда, федерация барлық айыптауларды ресми түрде алып тастауды және спортшының беделін жария түрде қалпына келтіруді талап ететінін де ашық айтты.

    "B сынамасы таза деп танылған жағдайда, біз барлық айыптауларды ресми түрде алып тастауды, спортшының беделін жария түрде қалпына келтіруді және іс барысында жіберілген әрекеттерге құқықтық баға беруді талап етеміз", - деді ұйым.

    Ал егер заң бұзушылықтар дәлелді түрде анықталса, федерация тиісті шешімдер регламент аясында қабылданатынын атап өтті.

    Мәлімдеме соңында ұйым бұл мәселеде эмоцияға емес, құқыққа сүйену керектігін қадап айтты.

    "Бастысы - эмоция емес, құқық. Тек заңға сай алынған B сынамасының нәтижесі ғана қорытынды жасауға негіз бола алады", - деп түйіндеді федерация.

    Допинг дауы: кәсіпқой бокс федерациясы Жәнібек Әлімханұлына қатысты жағдайға ресми мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.