jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бокстан бұрынғы бас бапкер Қайрат Сәтжановқа үш бөлмелі пәтер мен көлік табысталды (фото, видео)

    Дархан Қызайбаев және Қайрат Сәтжанов
    Дархан Қызайбаев және Қайрат Сәтжанов. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Қайрат Сәтжановқа құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Федерацияның мәліметінше, бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Қызайбаев Қайрат Сәтжановқа Toyota Land Cruiser 300 автокөлігін және Астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер кілтін табыстаған.

    "Қайрат Тұрсынханұлын құттықтай отырып, алдағы уақытта тек табыс тілейміз!" - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қайрат Сәтжановтың денсаулығына байланысты бокстан ерлер құрамасының бас бапкері қызметінен кеткені белгілі болған еді.

    Қайрат Тұрсынханұлы 2024 жылғы тамыздан бастап бас бапкер қызметін атқарды.

    Оның орнына ерлер командасының бас бапкері болып Нұржан Насанов тағайындалды.

    Бокстан бұрынғы бас бапкер Қайрат Сәтжановқа үш бөлмелі пәтер мен көлік табысталды (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.