jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысы боксшы қыздардың асқан шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері мен отаншылдық сезімі жанкүйерлерді тәнті еткенін атап өтті.

    Президент ұлттық құрама мүшелеріне алдағы әлем чемпионаттары мен Лос-Анджелес Олимпиадасында биіктен көрінуіне тілектестік білдірді", - деді Айбек Смадияров.

    Айта кетейік, бокстан Ұлан-Батырда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық бәскелері басталды.

    Бүгін жарыс жолына шыққан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілдері – Надежда Рябец мен Дина Исламбекова Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.

    Әйелдер құрамасының тағы бір өкілі – Бақыт Сейдіш Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

    Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.