Назым Қызайбай, Аида Әбікеева: Бразилиядағы әлем кубогы кезеңіне қатысатын боксшылар белгілі болды
Жарияланған күні:
Бокстан 2026 жылғы әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатыстан қазақстандық боксшылар анықталды. Тізімде 4 бірдей әлем чемпионы бар, деп хабарлайы Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Федерацияның мәліметінше, әлем кубогының алғашқы кезеңіне Қазақстан құрамасынан 16 боксшы қатысады. Жарыс 20-26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтеді.
Бұл бәсекеге 50-ден аса елден 400-ге жуық боксшы қатысады деп күтіліп отыр. Қазақстан атынан Нұржан Насанов баптайтын ерлер құрамасынан 9 боксшы және Елдос Сайдалин жетекшілік ететін әйелдер құрамасынан 7 боксшы жүлдеге таласады.
Жарысқа қатысатын боксшылар:
Ерлер
- 50 келі. Даниял Сәбит
- 55 келі. Бағлан Кенжебек
- 60 келі. Жансері Көшербаев
- 65 келі. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
- 70 келі. Фарух Тоқтасынов
- 75 келі. Санжарәлі Бегалиев
- 80 келі. Диас Молжігітов
- 85 келі. Сұлтанбек Айбарұлы
- 90 келі. Дәулет Төлемісов
Әйелдер
- 51 келі. Алуа Балқыбекова
- 54 келі. Назым Қызайбай
- 60 келі. Виктория Графеева
- 65 келі. Аида Әбікеева
- 70 келі. Наталья Богданова
- 80 келі. Жібек Жарасқызы
- +80 келі. Валерия Аксенова
"2025 жылғы Ливерпульдегі жетістіктерімізден кейін аруларымыздың көпшілігі енді ғана ресми жарысқа оралмақ. Бұл тізімде 4 бірдей әлем чемпионы (Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Аида Әбікеева, Наталья Богданова) бар", - делінген хабарламада.
Жалпы Бразилия өз тарихында екінші мәрте әлем кубогының кезеңін ұйымдастыруға мүмкіндік алған. 2025 жылы Қазақстан құрамасы 3 алтын, 3 қола жүлде иеленген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2366496-bokstan-2026-zhylgy-alem-kubogynyng-algashqy-kezengine-qatystan-qazaqstan-quramasy-belgili-boldy/