jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бокстан әлем кубогы: Назым Қызайбай жарыс жолынан шығып қалды

    Назым Қызайбай
    Назым Қызайбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing халықаралық федерациясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем кубогы кезеңі жалғасуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жарыстың үшінші күні 1/8 финал жекпе-жектері өтті. Қазақстан құрамасынан алты боксшы өнер көрсетті.

    Бұл күні шаршы алаңға шыққан боксшылардың бірі – 70 келі салмақта бақ сынаған Фарух Тоқтасынов жапониялық Севон Оказаваны жарыс жолынан шығарды.

    Ал Виктория Графеева 60 келі салмақта әзербайжандық Эмили Рзаеваны нокаутқа түсірді. Даниял Сәбит 50 келі салмақта венгриялық Иштван Сакудан басым түссе, 80 келі салмақтағы Диас Молжігітов аустралиялық Марлон Севехонды жеңді.

    Алайда Назым Қызайбай мен Наталья Богданова әлем кубогы кезеңіндегі жарыс жолын аяқтады. 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай 54 келі салмақта поляк боксшысы Виктория Рогалинскаяға есе жіберді.

    70 келі салмақта сынға түскен Наталья Богданова түркиялық Бусеназ Сюрменелиден жеңілді.

    Айта кетейік, Бразилияда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңіне 49 ел мен 400-ден астам боксшы қатысып жатыр.

    Бокстан әлем кубогы: Назым Қызайбай жарыс жолынан шығып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.