jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Төрт қазақстандық боксшы әлем кубогы кезеңінің алтын жүлдесі үшін бақ сынайды

    Қазақстандық боксшы шаршы алаңда
    Қазақстандық боксшы шаршы алаңда. Фото: Olympic.kz

    Бокстан Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды. 1/2 финалдың қорытындысы бойынша төрт қазақстандық боксшы алтын жүлде үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Olympic.kz.

    60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева Польша өкілі Анета Рыгельскаямен кездесіп, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

    Аида Әбікеева 65 келіге дейінгі салмақта бельгиялық Ошин Дериумен қолғап түйістірді. Нәтижесінде отандасымыз 4:1 есебімен басым түсті.

    Сұлтанбек Айбарұлы 85 келіге дейінгі салмақта германиялық Валерий Вальтермен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша отандасымыз 5:0 есебімен жеңді.

    Айта кетейік, 80 келіден жоғары салмақта Валерия Аксенова жеребе нәтижесі бойынша тікелей финалға өткен болатын.

    Ал үш боксшымыз жарысты қола жүлдемен аяқтады.

    Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақта қытайлық Лю Чуаньға 2:3 есебімен жол берді.

    80 келіге дейінгі салмақта Жібек Жарасқызы алғашқы жекпе-жегінде Польша өкілі Эмилия Котерскаға 0:5 есебімен жол берді.

    80 келіге дейінгі салмақта Диас Молжігітов көз жарақатына байланысты жарысты жартылай финалдан аяқтады.

    Төменде қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары көрсетілген.

    60 келіге дейін: Виктория Графеева - Ребекка Сантос (Бразилия)

    65 келіге дейін: Аида Әбікеева - Навбахор Хамидова (Өзбекстан)

    80 келіден жоғары: Валерия Аксенова - Жофия Сира (Венгрия)

    85 келіге дейін: Сұлтанбек Айбарұлы - Кауе Белини (Бразилия)

    Төрт қазақстандық боксшы әлем кубогы кезеңінің алтын жүлдесі үшін бақ сынайды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.