jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Бокстан әлем кубогында Қазақстан ұлттық құрамасы үшінші орынға ие болды

    Виктория Графеева
    Виктория Графеева. Фото: ҰОК баспасөз қызметі

    Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing федерациясының ұйымдастыруымен өткен Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Ұлттық құрама қоржынында үш алтын, бір күміс және үш қола медаль бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

    ҰОК мәліметінше, финалдық кезеңнің кешкі сессиясында қазақстандық үш боксшы алтын жүлде үшін жұдырықтасты.

    80 келіден жоғары салмақта Валерия Аксенова Венгрия өкілі Жофия Сирамен кездесіп, 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

    Сұлтанбек Айбарұлы 85 келіге дейінгі салмақта бразилиялық Кауе Белинимен қолғап түйістірді. Нәтижесінде отандасымыз 4:1 есебімен басым түсті.

    Ал 65 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева өзбекстандық Навбахор Хамидоваға 5:0 есебімен жол берді.

    Нәтижесінде ұлттық құрама қоржынында үш алтын, бір күміс және үш қола медаль бар.

    Айта кетейік, бұған дейін Виктория Графеева (60 келіге дейін) жеңімпаз атанып, ел қоржынына алғашқы алтынды салса, Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Жібек Жарасқызы (80 келіге дейін), Диас Молжігітов (80 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады. Осылайша ұлттық құрама жалпы командалық есепте үшінші орынға жайғасты.

    Бірінші орынға Бразилия ие болса (4 алтын, 5 күміс), екінші орынға Қытай тұрақтады (4 алтын, 1 қола).

    Бокстан әлем кубогында Қазақстан ұлттық құрамасы үшінші орынға ие болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.