jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Бокстан Азия чемпионатына барған қазақстандық жасөспірімдердің жартысы финалға шықты

    Ташкенттегі Азия чемпионаты
    Ташкенттегі Азия чемпионаты. Фото: 24.kz

    Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарысқа 30 өреніміз аттанған болатын. Соның тең жартысы финалға жолдама алды, деп хабарлайды 24.kz.

    Ташкентте Қазақстаннан барған 15 жасөспірім боксшы финалға шықты.

    15 және 17 жасқа дейінгі жас спортшылардың құрлықтық жарысы қазақстандық жас спортшылар үшін сәтті өтуде.

    15 жасқа дейінгі ұлдар арасында 10 қазақстандық боксшының 8-і қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, финалға шыққан. Сонымен бірге қыздар арасында 7 боксшы финалда алтынға таласпақ. Дода 15 мамырға дейін жалғасады. Осылайша, Қазақстан атынан барған 30 спортшының жартысы жүлделі болуы мүмкін.

    Бокстан Азия чемпионатына барған қазақстандық жасөспірімдердің жартысы финалға шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.