"Нағыз аңыз": Усик пен Верхувеннің бокс кешінде Геннадий Головкинге ерекше қошемет көрсетілді (видео)
Жарияланған күні:
Гиза пирамидаларының маңындағы аренада өткен Александр Усик пен Рико Верхувен арасындағы тарихи бокс кеші әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың басын қосты. Дүбірлі шараның сыйлы қонақтарының бірі болған қазақстандық бокс аңызы Геннадий Головкинге (GGG) шара барысында ерекше қошемет көрсетілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Боксшыға қошемет көрсету сәтінен видеоны kzsports Instagram парақшасы жария етті. Видеодан спорттық шоу барысында жүргізуші қазақстандық боксшыны көрермендерге ерекше мақтанышпен таныстырып жатқанын байқауға болады. Шара жүргізушісі Головкинді "залда отырған шынайы аңыз" деп атап, оның қандай титулдарға ие болғанын еске салды.
Сондай-ақ желіде Головкиннің танымал адамдармен сөйлескен сәтінен видеолар тарап жатыр. Әсіресе Головкиннің Канеломен бірге құшақтасып отырған видеосы көпшіліктің назарына ілігуде.
Амкерикалық Ring Magazine басылымы Головкиннің аренаға келген сәтінен, сондай-ақ Канеломен және Энтони Джошуамен жылы сөйлесіп отырған сәтінен видеоны назарға ұсынды.
Ал әйгілі DAZN Boxing платформасы өз парақшасында "Ұлылар ұлыларды тамашалауда" және "Ұлылар ұлыларды мойындауда" деген сөздер жазылған видео жариялады.
Кештің тағы бір жарқын сәттерінің бірі – Голливудтың танымал актері Джейсон Стэтхэмнің Головкинмен қол алысып, құшақтасқаны. Желіде бұл сәттен түрлі видеолар тарап жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Усик Верхувенді нокаутқа түсіріп, чемпиондық титулдарын қорғап қалғанын жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2380176-nagyz-angyz-usik-pen-verhuvenning-boks-keshinde-gennadii-golovkinge-erekshe-qoshemet-korsetildi-video/