jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына есімі жазылуымен құттықтады

    Геннадий Головкин мен Қасым-Жомарт Тоқаев
    Геннадий Головкин мен Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс даңқы залына ресми түрде жазылуымен құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ президенттің баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

    Қазақстан президентінің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Telegram арнасында хабарлағандай, Тоқаев Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына есімі жазылуымен құттықтаған. 

    Президент атап өткендей, бұл тарихи уақиға аты аңызға айналған отандасымыздың жаһандық спорттағы қолтаңбасы айрықша маңызға ие екенін айғақтайды. Сондай-ақ Қазақстанның әлемдік аренадағы шынайы келбеті мен беделін қалыптастыруға қосқан елеулі үлесін көрсетеді.

    Мемлекет басшысының пікірінше, Геннадий Головкин – еліміздің мақтанышы әрі халықаралық спорт қоғамдастығындағы елшісі.  

    Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзіндегі ең үздік боксшылардың бірінен үлгі алған жас спортшыларымыз жігерленіп, биік белестерді бағындыра беретініне сенім білдірді.

    Айта кетсек, Геннадий Головкин Қазақстан тарихында алғаш рет бұл таңдаулы қауымдастықтың мүшесі атанған спортшы қатарынан көрініп отыр.

    Тоқаев Головкинді Халықаралық бокс даңқы залына есімі жазылуымен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.