Олимпиада жүлдегері Назым Қызайбай Қытайдағы әлем кубогының жеңімпазы атанды
Жарияланған күні:
Олимпиада жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қытайдың Гуйяне қаласында өтіп жатқан әлем кубогында топ жарды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Назым Қызайбай финалдық бәсекеде әлем чемпионатының екі мәрте жүлдегері, италиялық Сирине Чараабимен кездескен.
Нәтижесінде қазақ боксшысы 3 раундта да басым болып, 4:1 есебімен жеңіске жеткен.
Шешуші кезеңге дейін Назым Қызайбай 1/8 финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Им Э Джиді 4:1, 1/4 финалда польшалық Виктория Рогалинсканы 5:0, 1/2 финалда Таиланд боксшысы Натнича Чонгпронгкланг 3:2 есебімен жеңген.
Айта кетейік, Назым Қызайбай 2025 жылы Астанада өткен әлем кубогында 48 келіде жеңімпаз атанған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2391072-nazym-qyzaibai-qytaidagy-alem-kubogynyng-zhengimpazy-atandy/