БАҚ: Жәнібек Әлімханұлы WBO титулынан бас тартып, салмақ дәрежесін ауыстырды
Жарияланған күні:
Читать на русском
WBO президенті Густаво Оливьери қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлының орта салмақтағы титулынан бас тартқанын және екінші орта салмаққа ауысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды The Ring басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ұйым басшысының айтуынша, қазақ боксшысы жоғары салмаққа өтуге ниетті. Осыған байланысты орта салмақтағы уақытша чемпион енді толыққанды чемпион атанады.
"Жәнібек Әлімханұлы маған жоғары салмаққа ауысатынын хабарлады. Енді ол екінші орта салмақта өнер көрсетеді, ал Дензел Бентли толыққанды әлем чемпионы болады", - деді Оливьери.
Айта кетейік, бұған дейін Әлімханұлы Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жақында кәсіпқой мансабындағы жаңа кезеңнің басталатынын меңзейтін жазба жариялаған еді.
"Менің бокстағы тарихым бұрынғыдан да қызықты бола түспек. Бізбен бірге болыңыздар", - деп жазды боксшы.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 6 желтоқсанда өтуі тиіс үш титул үшін жекпе-жек алдында Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына ілінген болатын.
Жарыстардан шеттеттілген боксшы рингке 2026 жылдың желтоқсанында оралады деп күтіліп отыр.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек үшін салмақ ауыстыруға дайын екенін хабарлаған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2402042-baq-zhanibek-alimhanuly-wbo-titulynan-bas-tartyp-salmaq-darezhesin-auystyrdy/