Бокстан 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын қазақ спортшыларының тізімі жарияланды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан бокс құрамасының бапкерлер штабы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларындағы 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҰОК-ке сілтеме жасап.
Қазақстан бокс федерациясы Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады.
Көпсалалы спорттық додада ел намысын мына боксшылар қорғайды:
- 55 келіге дейін: Махмұд Сабырхан
- 60 келіге дейін: Оразбек Асылқұлов
- 70 келіге дейін: Төрехан Сабырхан
- 80 келіге дейін: Сабыржан Аққалықов
- 90 келіге дейін: Нұрбек Оралбай
- 90 келіден жоғары: Айбек Оралбай
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасы да белгілі болған еді. Оның қатарына Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін), Виктория Графеева (60 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін) және Наталья Богданова (75 келіге дейін) енді.
2026 жылғы Азия ойындарының ашылу салтанаты 19 қыркүйекте өтеді. Бокс бәсекелері 21 қыркүйекте басталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2424704-bokstan-2026-zhylgy-aziia-oiyndaryna-qatysatyn-qazaq-sportshylarynyng-tizimi-zhariialandy/
