Асланбек Шымбергенов бокстағы мансабын аяқтады
Жарияланған күні:

Бокстан әлем чемпионы, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Асланбек Шымбергенов кәсіби мансабын аяқтады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
"Боксқа қайта ораламын деген ой болған. Тіпті, жаттығуды да қайта бастап көрдім. Бірақ, қолым жүрмеді. Сондықтан, кәсіби мансабымды аяқтаймын деп шештім. Бүгінде Жамбыл облысындағы кәсіби бокс клубында басшының орынбасары болып жұмыс істеп жүрмін", - деді Шымбергенов.
Асланбек Шымбергенов жартылай орта және бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық әуесқой боксшы.
Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындарының күміс жүлдегері (2018), Азия чемпионы (2022), Қазақстанның екі дүркін чемпионы (2014, 2017) және екі дүркін вице-чемпионы (2013, 2018), "Дүниежүзілік бокс сериясының" әуесқойлар арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионатының ширек финалисті.
Жартылай кәсіпқой екі дүркін чемпионы (2015, 2017). Қазақстан Республикасының әуесқой бокстан ұлттық құрамасының капитаны.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2427483-aslanbek-shymbergenov-bokstagy-mansabyn-aiaqtady/
