Әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов бокстағы мансабын аяқтады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионы, ұлттық құраманың бұрынғы капитаны Асланбек Шымбергенов кәсіби мансабын аяқтады. Бұл туралы спортшы Sportbugin.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Шымбергеновтің айтуынша, шаршы алаңға қайта оралу жоспары болған. Тіпті жаттығуды да бастап көрген.
"Бірақ, қолым жүрмеді. Сондықтан, кәсіби мансабымды аяқтаймын деп шештім. Бүгінде Жамбыл облысындағы кәсіби бокс клубында басшының орынбасары болып жұмыс істеп жүрмін", - деді ол.
Асланбек Шымбергенов 1993 жылы 9 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол ұзақ жылдар бойы бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі болды.
Асланбек бокстан Қазақстанның екі дүркін чемпионы, Азия чемпионы (2022), әлем чемпионы (2023), әскерилер арасындағы әлем чемпионы (2019), Азия ойындарының күміс (2018) және қола (2023) жүлдегері. 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қатысушысы.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2427563-alem-chempiony-aslanbek-shymbergenov-bokstagy-mansabyn-aiaqtady/
