jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Боксшы Айдос Ербосынұлы комадан кейін алғаш рет рингке шығады

    Айдос Ербосынұлы
    Айдос Ербосынұлы. Фото: Suleimen Promotions

    Танымал қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жекпе-жегін өткізетінін мәлімдеді – ол Қазан қаласында өтеді. Жанкүйерлер спортшыға қолдау білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы спортшы Instagram-дағы парақшасында жазды.

    "6 қараша – Қазандағы кезекті жекпе-жегім. Үзілістен кейін рингке оралып, жаңа белестерге жету жолымды жалғастыруға дайынмын", – делінген жазбада.

    Жанкүйері Айдосты желіде пікір қалдыру арқылы қолдады.

    "Тек алға", "Саған сәттілік тілейміз", "Абай бол, бауырым, денсаулық бәрінен маңызды", "Жеңіспен орал", - деп жазды олар.

    Еске сала кетейік, 2022 жылы Миннеаполисте (АҚШ) Айдос Ербосынұлы кубалық Давид Моррелден нокаутпен жеңілген болатын. Жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы ауруханаға жатқызылды, ол комаға түсті және оған ота жасалды.

    Боксшы Айдос Ербосынұлы комадан кейін алғаш рет рингке шығады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram