Алуа Балқыбекова Азиаданың қола жүлдегері атанды
Жарияланған күні:

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр. Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова қол медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі дүркін әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова 1/2 финалда Вьетнам спортшысы Зи Там Нгуенмен жұдырықтасты. 3 раундқа жалғасқан айқаста төрешілер қарсыласты жеңімпаз ретінде таныды. Есеп: 0:5.
Айта кетейік, отандасымыз өз мансабында алғаш рет Азиадаға қатысты.
Алда әлі Наталья Богданова (75 келі) Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) шаршы алаңға шығады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2435647-alua-balqybekova-aziadanyng-qola-zhuldegeri-atandy/
