Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдесін еншіледі
Жарияланған күні:

Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр. Әлем чемпионы, қазақстандық Наталья Богданова жарысты қола медальмен аяқтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем чемпионы, 75 келідегі Наталья Богданова 1/2 финалда Үндістан спортшысы Боргохайнмен айқасты.
Қос боксшы да шаршы алаңның ортасын бермеуге тырысып, үш раунд бойы соққылармен алмасты. Нәтижесінде төрешілер 2:3 есебімен жеңісті қарсыласқа берді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2435824-natalia-bogdanova-aziia-oiyndarynyng-qola-zhuldesin-enshiledi/
