WBO президенті Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Читать на русском
WBO президенті Густаво Оливьери X желісіндегі парақшасында Жәнібек Әлімханұлының екінші орта салмақтағы бос титул үшін өтетін жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оның айтуынша, екі тарап та ұйымды 168 фунт салмақ дәрежесіндегі жекпе-жекке қатысты келісімге келгендері туралы хабардар еткен.
"WBO Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банктің командаларынан екінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионының бос титулы үшін өтетін жекпе-жекке қатысты келісімге келгендері туралы ресми жазбаша хабарлама алғанын растайды. Қосымша мәліметтер кейінірек жарияланады", - деп жазды Оливьери.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 22 қыркүйекте WBO Әлімханұлы мен жеңіліп көрмеген даниялық боксшы Якоб Банк арасындағы екінші орта салмақтағы әлем чемпионының бос титулы үшін жекпе-жекті санкциялаған. Бұл қаулы британдық Хамза Шираз белбеуден ресми түрде бас тартқаннан кейін қабылданды.
Кейінірек Жәнібек Әлімханұлы өзінің келесі жекпе-жегін Нью-Йоркте өткізуді сұрады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2439774-wbo-prezidenti-zhanibek-alimhanulynyng-tituldyq-zhekpe-zhegi-turaly-resmi-malimdeme-zhasady/