jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Журналист: Сәкен Бибосынов ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті

    Сәкен Бибосынов
    Сәкен Бибосынов. Фото: ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

    2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Сәкен Бибосынов ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Журналистің жазуынша, ішкі біріншілікке Сәкен Бибосынов жарақаты салдарынан қатыспайды.

    "29 қазанда Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты басталады. Азия ойындарында жүлдеге іліккен Махмұд, Төрехан және Айбек қатыспайды. Нұрбек те үзіліс алыпты. Қыздардан Алуа мен Наталья өнер көрсетпейді.

    Қалған қыз-жігіттер түгелдей келуге міндетті. Сол жерде өз мықтылығын дәлелдегендер ғана ұлттық құрамаға алынады. Өте қызықты әрі тартысты жекпе-жектер күтіп тұр. Басы-қасынан ақпарат таратамыз.

    Тағы бір айтайын дегенім, ішкі біріншіліктен Сәкен Бибосыновты көрмейміз. Өкінішке орай, кеше жаттығу барысында ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Омыртқасына зақым келді. Тезірек сауығып кетуін тілейміз… ", - деп жазды ол.

    Журналист: Сәкен Бибосынов ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram