jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Екі дүркін олимпиада чемпионы Баходир Жалолов қарсыласын нокдаунға түсіріп, ойсырата жеңді

    Баходир Жалолов
    Баходир Жалолов. Фото: instagram.com/bakhodirdjalolov

    Өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов Лондондағы "O2" аренасында өткен кәсіпқой бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    32 жастағы спортшы ауыр салмақта (90,7 кг-нан жоғары) британдық Соломон Дакреспен жекпе-жек өткізді.

    Бесінші раундта Жалолов қарсыласын нокдаунға түсірді. Дакрес жекпе-жекті жалғастырғанымен, ойсырата жеңілді. Он раундтың қорытындысы бойынша өзбекстандық боксшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (99:91, 99:90, 99:90) жеңіске жетті.

    Айта кетейік, Баходир Жалолов кәсіпқой рингте бүгінге дейін 18 жекпе-жек өткізіп, оның 15-ін нокаутпен аяқтаған.

    Әуесқой бокста ол Токио-2020 және Париж-2024 олимпиадаларының алтынын иеленіп, екі мәрте әлем чемпионы атанды.

    Ал 32 жастағы Дакрестің еншісінде қазір 10 жеңіс (үшеуі нокаутпен) және екі жеңіліс бар, оның біреуі мерзімінен бұрын аяқталған.

    Екі дүркін олимпиада чемпионы Баходир Жалолов қарсыласын нокдаунға түсіріп, ойсырата жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram